Су жаңа үй сапасыз салынған

Алматыда пайдалануға берілгеніне бірнеше ай болған көпқабатты үйдің тұрғындары ыстық суға зар болып отыр. Одан бөлек, табиғи газға да қосылмаған. Суық судың өзін шаһар басшысына шағымданып жүріп бір айдан кейін әрең қостырыпты. Құрылысты қалалық әкімдікке қарасты күрделі құрылыс мекемесі жүргізгендіктен сапасы жоғары деп сатып алып едік, енді бармағымызды шайнап отырмыз дейді жұртшылық. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top