Су жаңа асфальтті қайта қопаруда

Талдықорғанда жуырда ғана төселген асфальт қайта жамалып жатыр. Тақтайдай тегіс жолдың астаң-кестеңін шығарған мердігер компанияның бұл әрекетіне тұрғындар наразы. Ойқы-шойқы жолдан мезі болған жұрт, күрделі жөндеуді жылдап тосқанда көргеніміз осы болды деп қапалы. Сондықтан, әкімдіктегілерге жолды қабылдап аларда жіті тексеріп алуын талап етіп отыр. Ал, қыруар қаржыға салынған асфальтті қайта талғандауға сонда не түрткі болған? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top