Арманда кеткен асылым Қымбат Жолдығұлқызына арнаймын!

ЖАҢА ӨЛЕҢ ЖАТТАЙЫҚ! САҒЫНДЫМ, ЖАНЫМ! Сөзі Қажымұқан Ғабдолла. 1. Сені жаным жан-тәніммен айрықша мен сүйемін, Сағыныштың жалынына ессіз-епсіз күйемін, Тым алыстан қолың бұлғап жүрген сағымсың, Жүрегімнің кім табады, нағыз шын емін?!.. Түске кіріп, шақырады жалған елес, Түсте ғана көру сені – маған арман емес, Сені күткен жанарым еш талған емес! ҚАЙЫРМАСЫ Алыс таңдарда – әппақ, ардақты арманым, Асыл ақ үмітімді таңдап-талғап жалғадым... Сағындым сымбаттым, Күн менен түн қаттым, Қымбаттым! Алыстай көрме жаным, ада боламын, Менен бұрын кетсең, гүлдей соламын. Өзің барда зор қадамым, Сенсіз мен қор боламын, қымбаттым! 2. Сені өмірде барлық жаннан мәңгі қызғандым, Кештім талай мұздақтарын: қарлы құздардың... Қапы қалған тым кенеттен алауы сөніп, Мен бүгінде қырау төккен суық ызғармын... ҚАЙЫРМАСЫ Алыс таңдарда – әппақ, ардақты арманым, Асыл ақ үмітімді таңдап-талғап жалғадым... Сағындым сымбаттым, Күн менен түн қаттым, Қымбаттым! Алыстай көрме жаным, ада боламын, Менен бұрын өлсең жаным, гүлдей соламын. Өзің барда зор қадамым, Сенсіз жаным қор боламын, қымбаттым! Қажымұқан ҒАБДОЛЛА.
Back to Top