Бар Қазақты жылатқан өлең ... Айтбек Тұрсынбай Қаншама жан бар!!! Поэзия.
Айтбек Тұрсынбай - Қаншама жан бар (2022)
Жүктеу:
Қаншама жан бар бала сүймеген,
Тал бесік жасап, ағаш имеген.
Қара домалақ перзентің болса,
Хан ордасы ғой қараша үй деген.
Қанша сәби бар ананы ембеген,
Шыр етуге де шама келмеген.
Жаялықтары кебінге айналып,
Қауышқан мәңгі қара жерменен.
Қаншама жан бар қара күшпенен,
Азығын тауып, адал істеген.
Бұл бес күндікте пақырлар аз ба?
Бүйірі шығып тамақ ішпеген.
Айтылған қанша қасіретті өлең,
Сұлулар қанша ғашығы өппеген.
Жесірлер қанша сыңарсыз қалып,
Жетімдер қанша жасы кеппеген.
Қаншама жан бар жыраққа кеткен,
Көзінің жасы бұлақтап өткен.
Қанша ақымақ бар елінен безіп,
Жат топырақтан жұмақ дәметкен.
Қаншама қу бар құнын ұмытқан,
Жүйрікті жаяу жүгіріп ұтқан.
Жылпостар аз ба амалын тауып,
Жыландай арбап іріні жұтқан.
Қаншама жан бар жазықсыз өлген,
Қаншама мал бар қазықсыз өрген.
Бәйтеректерді балта құлатып,
Арамшөптер бар қауіпсіз өнген.
Басынан қымбат бөріктер қанша,
Басылмай кеткен желіктер қанша.
Жер астындағы тірілер қанша,
Жер бетіндегі өліктер қанша.
Қаншама ер бар елім деп өткен,
Жанары жасын, көмілген отпен.
Ақиқат қанша аузы буылған,
Қаншама сыр бар көңілде кеткен.
Замандар қанша құйынды ойнатқан,
Қан майдан қанша үйіңді ойлатқан.
Қаншама ыстық аптапты көрдің,
Қара қарғаның миын қайнатқан.
Тағдыры түрлі қаншама жан бар,
Арманды кетер аңсап адамдар.
Жүрегі жұмсақ жан боп өтейік,
Белгі боп баста қалса да мәрмәр.
9 views
239
66
10 months ago 01:45:32 1
Аяулым Сағынбаева: Казахский феномен, Біздің әйелдер ақшасыз туады, 50 миллионға жетеміз бе?
1 year ago 00:30:22 1
Жердің иесі Қазақ | Солтүстік Қазақстанға қазақтарды көшіремін | Теріскейге жорық | ЕҢБЕК АДАМЫ #34
1 year ago 01:35:10 1
Айсұлтан өзіне сараптама жасатқан | Назарбаевты тұтқындайтын топ шыққан | Рахат Әлиевті өлтірді
1 year ago 01:04:31 1
Елдос Тоқтарбай | “Қазақтың қанында бар тексіздік пен сатқындық қазақты орға жығып келеді…”
1 year ago 00:04:45 1
“ӘЙГІЛІ СУРЕТТІҢ ТАРИХЫ“. Исматулла Мақсым Ахмад Шах Масудпен қалай кездесті?
2 years ago 00:23:59 1
Оспан батыр деректі фильм. Қызықты деректер.
2 years ago 00:04:24 1
“Қара сөздер“ Авторы: Абай Құнанбайұлы. Екінші сөз (Даналықтың алтын кітабы)
2 years ago 00:03:48 18
Кемпірдің қосағы: жалған этимология деген не? | Qazaq Grammar
2 years ago 01:07:48 1
Отыз жыл бойы ханға тоймадыңдар ма? Патша аман болсын деген не сұмдық? Бақытжан Бұқарбай
2 years ago 00:02:54 1
Abaı Qunanbaıuly - Toǵyzynshy qara soz
2 years ago 00:03:06 1
Abaı Qunanbaıuly - Jıyrma úshіnshі qara soz
2 years ago 00:04:24 1
Abaı Qunanbaıuly - Otyz tórtіnshі qara soz
2 years ago 00:04:48 1
Abaı Qunanbaıuly - Qyrqynshy qara soz
2 years ago 00:02:55 1
Abaı Qunanbaıuly - Qyryq bіrіnshі qara soz
2 years ago 00:50:22 1
ПОДКАСТ. ҰЛТТЫ ДӘСТҮР САҚТАЙДЫ Дін мен дәстүр, ән айту, жеті шелпек, қан тазалығы, қыз тәрбиесі
2 years ago 00:01:51 1
Толық адам ілімі/ Зиялы адам/ академик Мекемтас Мырзахметов
2 years ago 01:30:06 32
Димаштың атын жамылған алаяқтар | Халықтың шынайы жағдайы | Сахнадағы бейәдеп сөздер | ҚАНАТ АЙТБАЕВ