“ӘЙГІЛІ СУРЕТТІҢ ТАРИХЫ“. Исматулла Мақсым Ахмад Шах Масудпен қалай кездесті?
Қысқа нұсқасы
Видео авторы Амангелді Жұмаш каналы @m_zaman
Исматулла Мақсымның Пәншер Арыстаны атанған ауған халқының қаһарманы Ахмад Шах Масудпен түскен суретін жұрттың бәрі көрген десек болады. 2010 жылы Мақсым ағамды қылмыскердей жабылып ұстағанда сол суретті жариялап, ауған мүжәйірлерінің әскери қолбасшыларының бірі болған деп жала жауып, талай мақала да жазылды. Тапсырыспен. Геннадий Бендицкий деген жалдамалы суайт ол кісіні шетелдік шпион деп тұрып жазды. Мақсым ағам түрмеден шығардан бұрын сол жалақор журналист өліп қалды. Әйтпегенде, шындыққа көзі жетіп, мүмкін ақталып мақала жазар ма еді... Жалпы, Исматулла Мақсым ағама жала жауып, ұрынғанның бәрі өз жазаларын тартты. Түрмеде азар бергеннің бәрі қазір өздері түрлі-түрлі себептермен түрмеде жатыр. “Аққа Құдай жақ“ деген біздің қазақ. “Біреуге ор қазба өзің түсесің“ деген де тәмсіл бар. Ел қамын жеген Ерге жөнсіз ұрынбаңдар, азаматтар! Айтайын дегенім, сол тарихи сурет туралы Мақсым ағамның өзінен жазып алған шағын сұхбатым бар еді. Алла қаласа, соны назарларыңызға жұма күні ұсынамын. Жала түбі - зар, таба жолы - тар, депті, Исматулла Мақсымды шпион, агент, экстремист деп әлі күнге дейін көлеңкесінен қорқып жүрген бауырларымның шындыққа көздері жетіп, алаяқтар құрап берген жалған “Ақиқаттарынан“ бас тартар деп үміттенемін. Кімнің дос, кімнің жау екенін сендерге енді қалай ұқтырсақ болады екен?. Қазақта қарғыстың жаманы: “Өзің білме, білгеннің тілін алма!“ деген сөз екен... Қазақ баласы қор болғанша, зор болсын, деп күні-түні дұға қылып отырған ақ сәлделі ақсақалыңды өзекке тепкеннен оңғаның болған жоқ. Сөз ұғар ел болса, талай дүние айтылды. Амал қанша...
Саят Ыбырай.
1 view
360
119
11 months ago 00:04:45 1
“ӘЙГІЛІ СУРЕТТІҢ ТАРИХЫ“. Исматулла Мақсым Ахмад Шах Масудпен қалай кездесті?