Нұр-Сұлтанда полиция Қазақ елі алаңына митингіге келген адамдарды ұстап әкетті

6 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында полиция алдын ала жоспарланған митингіге келген оншақты адамды ұстап әкетті. Полиция Тәуелсіздік алаңын темір кедергімен қоршап тастады. Наразылық акциясына жиналғандарға Нұр-Сұлтан полиция департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Малыбаев келіп, “Біз өз ісімізді ел үшін істеп жатырмыз“ деді.
Back to Top