“Қызымды жіберіңдер“

Нұр-Сұлтанда 21 қыркүйекте адамдарды қалай ұстады? “57 адам заң бұзғаны үшін ұсталды, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр“ делінген ІІМ хабарламасында. Ведомство өкілдері хабарламада “прокуратураның ескертуіне қарамастан жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандату әрекеттеріне еріп кеткені“ жазылған. Қазақстан заңына сәйкес азаматтар қандай да бір наразылық шарасына шығу үшін жергілікті биліктен арнайы рұқсат алуы тиіс. Биліктен рұқсат бермеген митингілердің бәрі “заңсыз“ деп танылып, оның қатысушылары әкімшілік жауапқа тартылады. Ал Қазақстанның “Азаматтық және саяси құқықтары туралы“ халықаралық пактіге қол қойғанын алға тартқан құқық қорғаушылар “бейбіт жиын өткізу үшін ескерту ғана жеткілікті, полиция тұрғындарды жазаламауы тиіс“ деп санайды.
Back to Top