Атырауда Қазпошта қызметкерлері пысықтыққа жол беріпті. Мұндай жағдайды мекеменің басшысы да жоққа шығара алмай отыр. 800 мың теңге зейнеткерлер мен мүгедектердің, ауыл әкімі мен мектеп директорының, мұғалімдердің тіпті көп балалы аналардың да жәрдемақысынан жырылып қалған. Қазір оқиғаға кінәлі екі қызметкер тергелуде.