Баласының ас қорыту жүйесі ауыратын Астана тұрғыны Мәдина Жарылқапова мейірімді жандардың жәрдемінен үмітін үзбейді. Целиакия дертіне шалдыққан баласының асқазаны глютен мен ақуызы бар тағамдарды қорыта алмайды, диета сақтамаса қызуы көтеріліп, құса береді, іші жүріп, жүдеп кетеді.