Ақтайлақ шешен Қанай шешеннен:
-- Ер басында бақыт нешеу? Кемдік нешеу? Құлазу нешеу? -- деп сұрапты.
Сонда Қарауыл Қанай шешен:
-- Ер басында бақыт -- бесеу, кемдік -- үшеу, құлазу -- төтеу, -- деп алып, былайша төгілтіп жіберген екен:
Астыңдағы атың жүрдек болса,
Жалғанның пырағы;
Алғаның жақсы болса,
Үй мен қонақтың тұрағы;
Əкең -- асқар тау,
Шешең -- қайнар бұлақ.
Балаң жақсы болса
Екі көздің шам-шырағы.
Міне, -- бес бақыт осы.
Атың шабан болса,
Жалғанның азабы;
Алғаның жаман болса,
Дүниенің тозағы.
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
Міне, -- үш кемдік осы.
--Қалың ел көшсе,
Көл