Ақтөбеде мешітте Жаңаөзен оқиғасы жайлы айтқан белсенділерге имам ескерту жасады

16 желтоқсанда Ақтөбеде 20-дан астам белсенді қаладағы ескі мешітке барып, Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына құран бағыштады. Мешітте Жаңаөзен оқиғасы жайлы айтқан белсенділерге кезекші имам “дін саясаттан бөлек нәрсе, бұл жаққа келіп, саясатты айтуға болмайды“ деп ескерту жасады. Ал белсенділер “біз тек оқиға құрбандарын еске алып, құран бағыштауға келдік“ деп жауап берді. Құран оқылғаннан кейін имам “патшаға қарсы шығуға болмайды, оған бағыну керектігі“ жайлы уағыз айтты. Мешіттен шыққаннан кейін белсенділер сол маңдағы асханаға барып, жеті шелпек таратты. Шара кезінде белсенділер саяси жүйені сынап, “билік біздің үнімізді шығармай отыр, пікірін ашық айтқандарды қамап жазалады, сондықтан осы мәселелерді мешіттерде, асханаларда тығылып талқылауға мәжбүрміз“ деді. Толығырақ:
Back to Top