«Борат24» атты интернет-дүкен синтетикалық есірткі сатумен айналысқан
Елімізге синтетикалық есірткілерді жеткізіп, таратумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Олар жымысқы әрекеттерін “Борат 24“ интернет-дүкені арқылы жүзеге асырған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері күдіктілердің ізіне осы жылдың сәуір айынан бастап түсіп, қазанға дейін оларың әрбір қадамын аңдыған. Тексеру барысында топ мүшелерінің синтетикалық есірткіні шетелден жеткізіп қана қоймай, бірнеше өндірісті жолға қойғаны анықталды. Нәтижесінде қылмыстық топтың 34 қатысушысы мен 8 есірткі зертханасы жабылған. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентке контрабандалық жолмен әкелінген 40 келі психотроптық заттар тәркіленіпті. Ал олардың “қара нарықтағы“ бағасы шамамен 600 миллион теңге екен. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
16 views
2
0
4 years ago 00:00:52 35
«Борат24» атты интернет-дүкен синтетикалық есірткі сатумен айналысқан