Продюсер, әнші Қыдырәлі Болмановтың есімі қазақ жұртшылығына таныс. Қыдырәлі Ұлытаудан түлеп ұшып, қазақ ән сахна өнеріне 90 жылдары аяқ басты. Алдымен киелі сахнаға АБК тобы болып келді. Сол тұста “Тамшылар“, “Сүгірдің термесі“ хит парадтың үздік әуендері болатын. Кейін үлкен сахнадан алыстамай, бар күш-жігерін ұлттық руханиятымызды өркендетуге атсалысты. Қазақ музыкасын әлемге паш етті. Өзі құрған “Ұлытау“ тобының 2001 жылы Голливудта өткен халықаралық байқауда алтын медаль алуы қазақ өнері үшін үлкен мәртебе болғаны бізге мәлім. Бүгінде жер жаһанда “Ұлытаудың“ атын білмейтін өнерпаз жоқтың қасы. Ендеше “Ұлытаудың“ алғаш мұхиттың арғы жағынан алтын жүлде алып, елдің мерейін үстем еткен тарихи жолын продюсері Қыдырәлі өнерсүйер қауымға айтып берді. Әсерлі сұхбаттың сонында көзіне жас алып, біраз шерін тарқатты.
“Сұқбат“