“БЕШ“ ТАРТУ

Халық әртісі Роза Рымбаева мен Нұрлан Абдуллин бастаған бір топ әншінің ғаламтор бетін кезіп кеткен әнбаяны көпшіліктің наразылығын туғызды. “Беш“ деп аталатын тың туынды дәстүрлі тағамымыз етті мазақ қылды деген жазбалар әлеуметтік желілерде желдей есіп жүр. Бейнеклиптің көшірме екені өз алдына, әні де, сөзі де көңілге қонымсыз дейді тыңдармандар. Ал, қазақтың етін “бешбармак“ деп, кезінде отарлаушылар кемсіте айтқанын қазір көп ел білмейді де.
Back to Top