Жан агам бауырымды сагындым

АЙТАБЕР! ПОЭЗИЯ   КИНО   МАХАББАТ HITECH   ФУТБОЛ   СУРЕТ   ОЙЛАР АСЫЛ СӨЗ САЯХАТ ДЕРЕК БАСҚАЛАР Арнау,асылдай болған асыл ағатайыма арнаймын ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?! / 25 ТАМЫЗ 2012, 00:04 Тоқсан жолды тораптан, Қатал тағдыр оқ атқан. Ағам ау жарқын бейнеңді, Біздер мәңгі жоғалтпан. Сен Біздерді еркелеттің ау, Өмірден ерте кеттің ау. Әттең ай қаза таптың да, Өзекті өртеп өттің ау. Төгейін мұңмен зарымды ай, Жоқсың ау аға жанымда ай. Қайтейік бізде шара жоқ, Тажал деген залымға ай. Арманда кеткен ағам ай, Сарғайды менің санам ай. Тәубе етеміз Аллаға, Жоқ бізден басқа амал ай. Жапырақ күзде соларда, Қайтады құстар оларда. Ағажан едің ерекше, Өзіңнің орның толарма. Кеудеге уайым сыймайды, Ұмытпан аға тұлғаңды. Жарық болғай тұрағың, Бол аға енді иманды
Back to Top