Жанашырлық, ынтызарлық, іңкәрлік! Бөрғазының Өскені оқыған Айбек Созақбай Darsteller Aibek Sozaqbai
Жанашырлық, ынтызарлық, іңкәрлік!
Аждаһаның апанына сенен бұрын түссем деймін,
Қас дұшпанның берген уын сенен бұрын ішсем деймін.
Саған төнген ажал оғын қағып түсер қалқан болам,
Дүлей күштен сені қорғап, керек болса-талқандалам
Құрақ ұшып, қамқоршың боп жүрем сенің жағдайыңа
“Табаныңа батқан шөңге-кірсін менің маңдайыма!”
Көріп жүрсем дәйім сені жаздың жарқын таңдарынан,
Ғұмырыңды ұзақ қыл деп бір Аллаға жалбарынам.
Саған ғана берілгендік жан-жүйемді елжіретіп,
Саған мәңгі ұмтыламын жүрегімді желбіретіп.
Бірге жүрсек-мен жүрейін суық желдің өт жағында,
Б&