Қытымыр қыста тиін түледі. Әдетте кеміргіштер отрядына жататын бұл жануарың көктем мен күз мезгілдерінде тонын жаңартушы еді. Алайда, осы жолы кезек күттірмей жаңа жылмен бірге жаңа образға енуді жөн көріпті. Алматының алып тиінін айтып отырмын. Осы аптада әлеуметтік желі беттерінде сабаннан жасалған жануардың жаңа бейнесі тарады. Енді ол түрлі - түсті,тіпті тонын да шешіп тастаған. Жоба ұйымдастырушылары осылайша тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауды шешіпті. Алайда, алматылықтардың өздері болса мұндайды күтпеген көрінеді.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан