Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ең жоғары лауазымға ие бола сала әкім-қаралар мен атқамінерлердің барлығына ашық түрде жұмыс істеуді тапсырған еді. Нақтырақ айтқанда, әлеуметтік желілерді белсенді қолданып, халықпен қоян-қолтық қызмет атқаруды жүктеген болатын. Жұртқа жақындықтарын көрсетіп, олардың жан-айғайына құлақ түруге шақырды. Осы тапсырманы бергеніне 100 күн болыпты. Қазір ғаламторды белсенді пайдаланып, іс шешкен шенеуніктер кімдер? Ал артта қалып жедел желіні игере алмай жатқандар бар ма?
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан