Қызылордада «Охотзоопром» инспекторының өлтірілуіне қатысты үш күдікті ұсталды

Қарағанды облысындағы «Охотзоопром» мекемесенің инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтірді деген күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты. Белгілісі, күдікті деп табылғандардың үшеуі де Қызылорда қаласындағы жер үйлердің бірінде тығылып жатқан жерінен ұсталған. Қылмыс жасады деген бұл азаматтарға өткен аптада іздеу салынған. Алайда, олар тек бүгін ұсталды.
Back to Top