Ата-анасы ішкілікке салынған балалардың халі

Елімізде жыл сайын 5000-мыңнан астам ата-ана әкімшілік жазаға тартылады. Оның 1000-ға жуығы ата-ана құқығынан айырылады. Ия, статистика көңіл көншітпейді. Елде әлеуметтік жетімдердің саны өсіп жатыр. Себеп неде? Білетіндер ең әуелі әлеуметтік жағдайды алға тартады. Елде 8 мың отбасы ішерге ас таппай, қара сумен қара нанды талғажау етіп отыр! Енді осы жанұялардың әрқайсысында кемінде 2-бала өсіп жатыр деңіз! Мыңдаған бұлыңғыр болашақ! Айдана Үсенбай, ата-ана құқығынан айыруға негіз болатын үш себепті көрсетсін. Олармен күрес қалай жүріп жатыр? Заңды айналып өткіштер кімдер? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top