Эко-ға бөлінетін квотаны күтіп отырған отбасы көп

Шымкенттік тұрғындардың 30 пайыздан астамы бедеулікпен күресіп жүр. Дер кезінде дәрігерлік тексеруден өтіп, ем қабылдағандар бір басқа, қаражат тапшылығынан маманға жүгене алмай жүрген жандар көп. Оның бірсыпырасы «сәби сүйе алмадық» деген желеумен ажырасып та кетіп жатыр екен. Ал, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, елімізде осы күні 9 мыңнан астам әйел бедеулік диагнозымен есепте тұр. Олар өз отбасын сақтап қалу үшін енді Президент Жолдауындағы “Аңсаған сәби“ атты бағдарламаның ертерек іске асуын күтіп отыр. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top