Баспана ма, зейнетақы ма?

Президент “Оқу оқимын, немесе баспана аламын деушілерге зейнетақы қорындағы жинағын мерзімінен бұрын беру мәселесін қарастыру керек“ деп айтқан ұсынысына талайлардың қуанғаны рас. Үмітпен жүргендері қаншама?! Бірақ ол ақша тек кімдерге беріледі? Ол үшін зейнетақы жинағыңда кемінде қанша ақшаң болу керек? Оны әзірге ешкім білмейді. Бір ай уақыт қалды, ұсыныс әлі дайын емес. Зейнетақы салымдарын баспана алу үшін қолдануға мүмкіндік беретін жоба төңірегінде 30 адам әлі бас қатырып жүр екен. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары мәлім етті. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top