Арыс оқиғасына тура 1 жыл. Оңтүстіктегі шағын қалада орын алған үлкен жарылыстың дүмпуі бүкіл елге жетті. Жаңғырығы әлі де басылған жоқ. Жыл ішінде бүлінген баспана мен әлеуметтік нысандар қалпына келтірілді. Бүкіл халық бір жағадан бас бір жеңнен қол шығарып арыстағы ағайынға асарлатып жәрдем берді. Бірақ.
Бірақ шағын шаһар тұрғындарының көңіліне қаяу түсірген жайттар да жоқ емес. Күні бүгінге дейін өтемақы алмағандар бар екен. Ең бастысы, ойдан проблема кеткенімен, бойдан үрей кеткен жоқ. Сонымен оқ-дәрі қоймасы қауіпсіз аймаққа көшіріліп жатыр ма, кінәлілер кімдер, оларға шара қолданылды ма? Жыл ішінде нендей өзгерістер болды?
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан