ТУҒАН ЖЕРІМ -АРҚАЛЫҚ, ТУҒАН АНАМ КІМ?

«Туған анамды іздеймін» Өзін «Эддижан» деп таныстырған еуропалық жігіттің шын есімі Жәнібек. Белгілі болғандай, Жәнібекті туған анасы туа сала перзентханаға тастап, ізім-ғайым жоғалған. Ал 2 жасында баланы Бельгиялық отбасы бөбектер үйінен асырап алып, бауырына басқан. «Көреміз» редакциясы 1715 шақырымды артқа тастап, Жәнібектің туған жері Қостанай облысы, Арқалық қаласына аттанды. Мақсатымыз 21 жыл бұрынғы оқиғаның сырын ашу, Жәнібектің анасын табу. - 2002 жылы Жәнібекті перзентханаға тастап кеткен кім? - Араға 21 жыл салып тастанды бала анасымен қауыша ала ма? Толығырақ бүгін, 19:00-де, Көреміз!
Back to Top