Мектебі жоқ ауылдың мұңы

Алматы облысында тұтас бір ауылдың балалары аядай мектептің дәлізінде сабақ оқиды. Өйткені, төрт кабинеттен тұратын ғимаратта орын жоқ. Бастауыш кластың оқушыларына арналған білім ошағында спорт зал, акт залдан бөлек, асхана да жоқ. Бүлдіршіндер қыстың қақаған аязында даладағы дәретханаға баруға мәжбүр. Көмір жағады. Ол аз болса, жоғары сыныптар сегіз шақырым жердегі көрші ауылға қатынап білім алады. Бәрі компьтерленген жүйеде мұғалімдер қалай дәріс беріп жүр? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top