Тауға шыққан оқушылардың бірі құздан тайып мерт болды – Түркістан облысы

#КТКжаңалықтары Түркістан облысында тауға шыққан оқушылардың бірі биіктен құлап ажал құшты. Тағы екі бала жарты тәулік бойы таудан түсе алмай, қалып қойған. Шымкенттен жеткен құтқарушылар оларды бүгін түстен кейін ғана құтқарып алды. Төле би ауданындағы Біркөлік шатқалына шалғайдағы Сарыағаштан серуендеуге келген оқушылар мен оларды ерткен ересектер енді құзырлы орындарға мән-жайды айтып беруде. Таудағы сәтсіз серуен туралы: #Түркістаноблысы #тау #өлім
Back to Top