Қасиетті рамазан айында, Маңғыстау ауданы, Онды ауылында Мешіттің алғашқы тастары түсе бастады.
Алла жар болғай!
Бүгін ауыл ақсақалдары, азаматтары болып бас қосып, “Онды Мешіті“ қорын құру туралы жиын өткіздік. Ауылдастарым, бұл жауапты жұмысты маған тапсырды.
Алла абырой бергей, туған ауылға қызмет ету парызымыз деп келісімімді бердім.
Алла қаласа келер жылғы рамазан айында Онды ауылында азан даусы естіліп қалар деген үмітіміз бар.
Мешіттің қасынан садақа жасайтын үйде саламыз.
Мешітті ауылдықтар тәуекел деп өз қаржысымен бастады. Алланың үйіне көмек береміз деген азаматтар болса қуана қарсы аламыз.
Әзірге есеп шотымыз ашыла қойған жоқ. Ашылған бойда жариялайтын боламыз.
Бүгін ауыл жастары ағаш үй тігіп ауызашар бергелі жатыр.
Алла жастарды бақытты қылғай. Хабарласамын деген азаматтар болса, телефон, ватсап 87013597700
Жәнібек ҚОЖЫҚ
2,509 views
243
73
2 years ago 00:34:20 26.9K
Удивительное путешествие по Казахстану. Из Алматы до Бесмойнака вместе с диджеем Edige