Жириновскийдің Орталық Азия туралы мәлімдемесі, Қырғызстанның жауабы

Бішкектегі ойын-сауық орталығында жігіттің орысша сөйлейтін кассир қызға дөрекілік жасап, қол көтерген видеосы саяси пікірталасқа ұласып кетті. Ресейлік депутат Владимир Жириновский Мәскеудегі Қырғызстан елшілігі маңында митинг ұйымдастырып, Орталық Азия халықтарының атына ауыр сөз айтып, Ресейде жүрген еңбек мигранттарын «еліне қууға» шақырды. Қырғызстан сыртқы істер министрі бұл оқиғаны «орыстарға қысым жасалып жатыр деп түсіндірмеуге» үндеді.
Back to Top