Әкім кешірім сұрады

Текелі қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады. Бахтияр Өнербаев тұтастай бір моноқаланың ауызсу мәселесін шеше алмай жатқанын мойындап отыр. Өйткені, тұрғындар тіршілік нәрін бастаудан тасуға мәжбүр. Ал, орталықтандырылған ауызсу ішуге жарамайтын көрінеді. Күн ысыса, лайланып кетеді екен. Текелі қаласы тұрғындарын жаз бойы әбігерге салатын бұл мәселе қашан шешілмек? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top