Керемет тоқаштар жасаймыз #тоқаштар #жұмсақ тоқаштар #булочки

Қайырлы күн достар!!! Бүгін сіздермен керемет тоқаштың рецептісімен бөлісемін. Ол үшін бізге қажет болады: - 250 гр жылы сүт - 7 гр құрғақ ашытқы немесе 21 гр свежий ашытқы - 130 гр шекер - 0,5 ш.қ. тұз - 3 гр ванилин - 1 орташа жұмыртқа 1 ақ уызы - 550-600 гр ұн 80 гр сары май бетіне жағуға 1 сары уыз- 1ас қ. сүт Жасалу жолын видеода толық көрсетіп өттім. Әрбір тоқашты шамамен 60 гр-нан бөліп алдым, менде 19 дана шықты. Егер осы рецептпен жасасаңыз, комментарийде бөлісуді ұмытпа. Мен міндетті түрде оқимын.
Back to Top