4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа кіріседі?

Елімізде 4 мамырдан бастап шаштараз бен тіс дәрігерлеріне қызметін жалғастыруға және жұртқа таза ауада жаттығу жасауға рұқсат. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады. Дүйсенбіден бастап аумағы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік сатпайтын дүкендер сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер, шаштараздар, стоматологиялық клиникалар мен медицина орталықтары қабылдауға алдын-ала жазылғандарға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, комиссия шешімімен жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар және шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар мен айырбастау пункттерінің жұмысы қайта жанданбақ. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразиябіріншіарнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін
Back to Top