НАШАҚОРЛЫҚ - БОЛАШАҒЫҢА ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚ Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай аудандық жастар ресурстық орталығы

НАШАҚОРЛЫҚ - БОЛАШАҒЫҢА ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚ Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімі және орталық аудандық аурухана қызметкерлерінің қатысуымен “Нашақорлық - болашағыңа жасалған қастандық“ тақырыбында флешмоб өткізілді. Шараның мақсаты жасөспірімдер мен жастарды салауатты өмір салтына шақыру, бос уақыттарын тиімді өткізу, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу. Орталық аудандық аурухана дәрігері С.Инесова жастарға есірткінің денсаулыққа тигізетін зияны, нашақорлық туралы және есіркі қатарына жатқызылатын зиянды заттардың тізімін атап, олардан аулақ болуға шақырды. #jasmugaljar #ЖасМугалжар
Back to Top