Тик-тоққа құмар жасөспірімдер педофилдердің құрығына түсуде

Үйдегі телефон ұстаған оқушы ұл-қызыңыз немен айналысып жүргенін білесіз бе? Интернетте тараған түрлі зиянды ақпарат пен қанжоса кадрларға толы видеолардан да қауіпті әлеуметтік желі шықты. “Тик-ток“ деп аталады. Атауы көңілге күдік ұялатпағанымен, ішіндегі дүниені көрсеңіз жағаңызды ұстайсыз. Онда жартылай жалаңаш қыздар камера алдында билеп, жігіттер ерсі қылықтарымен елдің есін шығарады. Бірақ ненің ақ, ненің қара екенін білмейтін жеткіншек, не жасөспірімдер олардың әрекетін қайталап, педофилдердің құрығына түсіп жатыр екен. #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top