Кәсіпкерлер халыққа тегін маска таратуда

Карантинге жабылған қос қалада медициналық масканың бағасын шарықтатуға тыйым салынып, 87 және 111 теңге аралығында саудалансын деген Үкіметтен пәрмен берілді. Бірақ, оны елеп-ескеріп жатқан ешкім жоқ. Алдын-ала партиясымен алып қойған пысықайлардың қазір интернетте саудасы қызып тұр. Ал, жақын арада 350 мың маска әкелінеді деген Алтай Көлгіновтің де уәдесі орындалмады. Осындай қиын-қыстау кезеңде жергілікті кәсіпкерлер жұртқа тегін маска тігіп, қайырымдылық эстафетасын бастап кетті. #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top