Дипломды жаздыра салдым

«Бір жыл қиналып диплом жазғанша, ақшасын төлеп біреуге жаздырғаным артық!». Елімізде осындай оймен жүрген студенттердің саны артып барады. Оған дипломдық жұмыс түгілі диссертацияны да бірнеше аптада жазып беремін деген желідегі жарнамалардың көбейгені дәлел. Тіпті мұндай қызметтің сұраныста болғаны сонша - хабарласатындар кезекті бір жыл бұрын алып қояды екен. Араларында болашақ заңгер, мұғалім, тіпті дәрігер бар екендігін ескерсек, алаңдайтындай жағдай. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top