Апат аймағынан репортаж: Мақтааралдағы біраз ауыл көшіріледі

#КТКжаңалықтары Түркістан облысында су басқан кейбір ауыл басқа орынға көшірілетін болды. 100 пайыз су астында қалған Жаңатұрмыс пен Жеңіс елді мекендерінде енді тұруға болмайтынын айтқан жергілікті тұрғындар, ауыстыруды өздері ұсыныпты. Қазір өзге де ауылдарға су келмес үшін бөгеттер орнатылып жатыр. Ал бір түн ішінде бірнеше ауылды жайпап, телегей теңізге айналған су деңгейі бүгін төмендей бастаған. #Түркістаноблысы #ауыл #Мақтаарал #тасқын #тұрғындар
Back to Top