14-ші маусым - Бірыңғай кеңес беру күні. Осыған орай петропавлдық жастар ерекше іс-шара ұйымдастырды. Олар кәсіпкерлер палатасының, жұмыспен қамту орталығының және “Отбасы банк“ өкілдерін бір жерге тоғыстырып, тұрғындармен тілдестірді. Таңдалған тақырып - қыз-жігіттерді кеңес беру арқылы еңбекпен қамту. Сонымен қатар, бастама аясында баспаналы болудың мүмкіндіктері баян етілді.