Beeline Қазақстан компаниясы Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлердің кілттерін табыс етті.
20 отбасы жайлы үш бөлмелі үйлерге қоныстанды, ал жақын арада тағы 12 үй дайын болады.
Birgemiz қорымен бірге Beeline компаниясы 32 үй салуға қаражат бөлді, сонымен қатар барлық зардап шеккендерді тегін ұялы байланыс пен интернетпен қамтамасыз етті.
#Beelinekz