Президенттіктен кейінгі өмір

1 желтоқсан - еліміз үшін күнтізбеде ресми дата. Тұңғыш президенті күні. 2011 жылы 10-шы желтоқсанда парламентарий Қазақстан Республикасының мерекелері заңнамасына толықтыру енгізген соң 2012 жылдан бері ресми аталып өтілетін болған. Бұл жалпыхалықтық қыдыру, дүрілдетіп тойлау, ат шаптырып ас беру емес. Тек тұңғыш президенттің елге сіңірген еңбектерін елеп ескеретін тағлымдық маңызға ие. Нұрсұлтан Назарбаев тақтан кетсе де аттан түскен жоқ. Апта ішінде бауырлас Өзбек еліне сапарлап, Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кеңесіне арнайы қонақ ретінде қатысты. Аталған жиында бастамашылдық әдетіне салып тағы бір тың ұсыныс айтты. 15-ші наурыз Орталық Азия күні болып тойлансын! Үшбу идея жүзеге аса ма, оны уақыт көрсете жатыр. Ал бүгінгі күнде алғашқы президент не істеп жүр. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top