Шетелге оқуға, жұмысқа кеткен қазақтардың тағдыры

Осы аптада 22 жастағы Бейбарыс Арынның денесі елге жеткізілді. Еске сала кетейік, ол Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген. Жол апатынан опат болған ол отбасының жалғыз асыраушысы еді. Артында екі қарындасы, інісі және дімкәс анасы қалды аңырап. Жалқыдан жалпы шығады. Бұл проблема жалғыз Бейбарыстың басында емес. Шетел асып, оқыс жайттарға ұшыраған отандастарымыз жетерлік. Еріккеннен, зеріккеннен, я жетіскеннен қыр аспайды қазақ. Мәселе мұқтаждықта. Дәл қазір жастардың көбісі жұмысты былай қойып, жоғарғы оқу орнында білім алу үшін де жақын шетелді жағалайтын болған. Себеп бар екен айтуларынша. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top