Райымбек ауданында сбегілерді Сонар-2019 халыаралы турнирі тті.

Алматы облысының Райымбек ауданында құсбегілердің «Сонар-2019» халықаралық турнирі өтті. Бүркітшілер жарысына елдің әр аймағынан 60 құсбегі мен көршілес Қырғыз, Қытай, Моңғолиядан да он шақты қандасымыз қатысты. Турнирде тек қырандарды салып қана қоймады. Ұшқыр тазыларды да жүгіртті. Жарыстың шарықтау шегі — салбурын болды. Ақтық сында қасқырды тырп еткізбеген қыранның иесі алматылық құсбегі Ғабит Таңат жеңімпаз атанды.
Back to Top