Ирландияның Корке елді мекеніндегі мектептердің бірінде болған тылсым жағдай Желі қолданушыларының қызу талқысына түсіп жатыр.
Басылымның хабарлауына қарағанда, мектеп басшылары ғимараттың видео камерасына жазылып қалған тылсым жағдайды желіге жүктеп, қолданушылардан аталған жайт бойынша пікір білдіруін сұраған. Түнгі уақытта түсірілген видеодан тылсым жайттар анық байқалады. Бейнежазбаның басында сынып есігі өзінен өзі қатты жабылып қалады, сосын шкаф сөресі өзінен-өзі қозғалып, шкафтың есігі ашылады. Біраз уақыт өткеннен кейін еденге қойылған ескерту таблицасы ұшып кетеді. Бұл видеоны Facebook-ке Ирландияның мектеп басшылығы жүктеген.
reactor