Селфилеткен президенттер Ереванда ерігіп жүрген жоқ. Кешелі бері әлеуметтік желіде, ақпараттық сайттарда бірқатар мемлекет басшыларының өздері түсірген суреттері жарияланды. Ішінде біздің Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Олардың мәз-мейрам фотоларына қарап, Армения астанасында өткен жиынның барлық елдер үшін нәтижелі аяқталғанын байқауға болады.