Алғаш рет Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне АУЫЛДАН БАЗАРЛЫҚ КЕЛДІ. Мектеп жатақханасы тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері ұйымдастырған бұл шара қасиетті Құрбан айт мерекесімен тұспа тұс келуі де жақсылықтың бір нышаны іспеттес. 132 орындық мектеп жатақханасындағы балалардың басым көпшілігі Жылыой ауданынан келген екен. Балғындар жаз бойы бір-бірін сағынысып, алтын ұяға қайта асығатыны сөзсіз. Осы орайда барлығының басын қосатын әрине бір дастархан.