Әскерге шығарып салу

2017 жылғы 3 қарашада “Әбікен Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйі“ ғимаратында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру“ мақаласы аясында әскери борышын өтеуге шақырылған ауданның ер азаматтарын әскерге шығарып салу рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Іс-шарада қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары сөз сөйлеп, Нұр Отан партиясының өкілдері әскерге шақырылғандарға өз сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар, әскери қызмет қатарынан зейнеткер мен соғыс ардагері сөз сөйлеп, өздерінің тәрбиелік мәні бар тілектерін аайтты. Өз тараптарынан ата-аналар ұлдарына ақ жол тілеп, аман барып, ел алдындағы борышын адал өтеп, абыроймен оралуларына тілектес екендіктерін білдірді. Іс-шара барысында аудандық мәдениет үйінің әншілері өздерінің ән-шашуларын тарту етті.
Back to Top