ҚАЗҰУ-ЛЫҚТАР НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қызметкерлері, оқытушы-профессорлық құрам және жастар ұйымдарының өкілдері Наурыз мерекесіне орай “Ағаш отырғызу“ қайырымдылық акциясына қатысты.
Наурыз мерекесі және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Ағаш отырғызу» қайырымдылық акциясына қолдау білдіріп, 160-тан астам қырым қарағайы мен алтай шыршасын отырғызды.
Игілікті шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысындағы: «Мен Ұлыстың ұлы күнін жаңаша атап өтуді ұсындым. Бабаларымыз Әз Наурыз келгенде бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Осы тамаша дәстүрді жаңа қарқынмен жалғастырайық. Табиғатты тазалап, қоршаған ортаны көгалдандыруды қолға алайық. Мұндай шараларды барлық аймақта ұйымдастыруымыз қажет. Бұл – ата салтымыз және ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің ең тиімді жолы», – деген тапсырмасына сай жүзеге асты...
#Ағашта
1 view
1209
344
4 years ago 00:01:53 1
ҚАЗҰУ-ЛЫҚТАР НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ