Махаббат жағалауы

МАХАББАТ ЖАҒАЛАУЫ Аталмыш фильм “Хабар“ агенттігінің елордасы Астана қаласының 10 жылдығы мерекесіне орай түсірілген телевизиялық тартуы. Фильмнің түпкі атауы: «Астана –махаббат жағалауы». Режиссер Мұрат Бидосов түсірген аталмыш фильмнің идеясы - сан түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып,әр қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан Астана қаласының кейіпкерлерін бейнелеу. Жастық жалын, сезім мен махаббатты баяндау. Сонымен қатар, Елордамыздың әсемдігін көрсету. Әсем қалада өз өмірін құрмақ болған жас жігіт, пәтер алу үшін жаңа танысқан дос қызымен жалған некеге отырады. Бірақ бұл жалған некенің арты неге әкеліп соғады? Арман қала Астана жастардың тағдырына қандай сый дайындады...
Back to Top