СЫМБАТ ұзату видеоролик/ Жанаозен

Өз үйінде тұрмақ жоқ Ұл боп тумай әуелде, Қыз болған соң тууың. Келін боп келген қиын іс, Жас өспірім балаға. Қызмет қыл иіліп, Ата менен анаға. Өзіңнен үлкен адамның Бетіне тіке қарама. Үлкен кісі келгенде, Қатарласып отырма, Кейін отыр панада. Ылажы болса шығып тұр, Қайтқанша далаға. Бар айтқаным бұл емес, Құлағың салып тыңдап тұр, Сөзім бар айтар және да Тұратын болса ата-анаң, Отырып қалма орнында. Тұрып барып есік аш, Еріп шықпа соңынан. Дәрет суын көтеріп, Қарап та тұр жолына. Орамалын алып бер, Ұмытып кетпе оны да. Бұрынғыдай ойламай, Сабыр етіп, шыдам қыл, Аштық пен тоғыңа. Ынтаменен қызмет қыл, Құдай қосқан еріңе. Күле сөйлеп жауап бер, Оның айтқан сөзіне. Тең құрбыңнан артық боп, Үлкен емес, кіші емес, Қосылыпсың теңіңе. Еріңнен асыл адам жоқ Қарасаң ата тегіңе. Күйеуің үйге келгенде Қағып көрпе салып бер, Отыратұғын жеріне. Бір нәрсеге жұмсарда, Алыстан “әй“ деп айтқызба.
Back to Top