Қамажай - түрүк халықтары арасында кеңінен таралған қазақ халқының «Қамажай» атты әнінен атауын алған би өнерінің туындыларының бірі.
Тарихы - би шамамен ХІV-XV ғасырлар аралығында пайда болды. Нақты авторы белгісіз, халықтан би де таралған болып есептеледі. Би әннің мазмұнын ашқысы келгендей әдемілік, нәзіктілікті бейнелейді. БІр жағы би, ал тағы бір жағынан ән болып қазақтың мәдениеті мен ән-би өнерінің асқан үлгісі. Европадағы Бельгия елінің танымал гитаристі Седрика Ватерскут «Қазақ тарихында ерекше әрі үлкен орын алып, оларға Қамажай өте маңызды» деген болатын. Ал 2013 жылы 11 елдің азаматтары, Қазақстанды Наурыз мейрамымен құттықтау ретінде, үлкен флэшмоб ұйымдастырды. Оған Франция, Таиланд, АҚШ және т.б. елдердің өкілдері қосылып, видео құттықтау жасап шықты.
Бидің орындалуы[ - биді көбінесе жасөспірім қыздар орындайды. Оған ұлттық киімде, шаштары өрілген, ұлттық әшекейлермен көмкерілуі қажет. Биде нәзік іс-қимылдар, қол, бас, дененің бір қалыптылығы аса маңызды.