Егін алқаптары кеуіп қалған

Алматы облысында диқандар шығынға белшеден батуда. Өйткені жүгері, соя және жоңышқа егілген алқаптар шіліңгір шілдеде су тапшылығынан қурап жатыр. Шаруа қожалықтарының иелері тіршілік нәрінің ақшасын уақытылы төлегенімізбен сумен жабдықтаушы мекеме жаздың ыстық аптабында судан тарықтырып қойғанын айтады. Дақылдарын суару үшін шаруалар тіпті бір бірімен жаға жыртысуға дейін баруда. Ол аздай бірінші тамыздан бастап онсыз да жетпей жатқан судың бағасы көтерілген. Ал сумен жабдықтаушылар шаруалардың өзін кінәлауда. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top